Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

0
374

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.


Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет – Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.
5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд болды. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд-қа жетті.