Елбасы бірқатар кадрлық тағайындаулар туралы жарлыққа қол қойды

0
1 170

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының​ бірқатар елдегі елшілерін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.


Елбасы бірқатар кадрлық тағайындаулар туралы жарлыққа қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бірқатар елдегі елшілерін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды,

ол Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды,
ол Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.