​ ЮНЕСКО білім мекемелерінде телефон қолдануға тыйым салуды ұсынды

0
1 796

Ұйым бірнеше елдегі білім мекемелерінде ұялы телефон қолдануға тыйым салу бастамасын қайта көтерді.


​ ЮНЕСКО білім мекемелерінде телефон қолдануға тыйым салуды ұсынды

ERNUR.KZ. Өйткені смартфонға назары ауған баланың сабаққа зауқы болмай, оқу үлгерімі төмендейді. Қауымдастық өкілдері баяндамасында осылай деп атап өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Ұйымның үндеуінен соң күні кеше Ұлыбритания билігі барлық мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салды. Ал Нидерланд үкіметі жаңа жылда сабақты смартфонсыз бастаған. Франция мен Қытай мектептерінде шектеу бірнеше жыл бұрын енгізіліпті. Білім саласындағы бұл тәжірибеге алпауыт державалар біртіндеп көшіп жатыр. ЮНЕСКО-ның зерттеуі бойынша мектептерде технологиялық құрылғылар, әсіресе смартфондар мен компьютерлерді оқушылар тым көп қолданады.

"Бұл баланың оқу үлгеріміне ғана емес, психикасына да кері әсер етуі мүмкін", - дейді сарапшылар.

ЮНЕСКО халықаралық ұйымының арнайы зерттеуінде телефонға телмірген баланың оқу ғана емес, көру қабілеті де нашарлағаны анықталған. Сол себепті сарапшылар телефонды тек қажетіне қарай пайдалану керек деген ұстанымда.