Балалар омбудсмені Зағипа Валиева балалар үйіне жиі тексеріс жүргізілетініне қарсылық білдірді,-деп хабарлайды sputniknews.kz.
Балалар омбудсмені Зағипа алиева балалар үйіне жиі тексеріс жүргізілетініне қарсылық білдірді,-деп хабарлайды sputniknews.kz.
«Балалар үйлері мен аналар үйінде өкіметтік емес ұйымдардан тексеріс келмес бұрын қазір біз құрып жатқан қамқоршылар кеңесімен ақылдасу керек. Тәрбиеленушілер еркін демалып, сабақ оқуы керек, оларды жиі тексерулермен мазаламау қажет. Балалар өз ойларын ашық айта білу керек және ол үшін сенім телефоны жұмыс істейді»,-деп айтты республикалық балалар үйі директорлар отырысында Балиева.
Бірнеше жыл бұрын Қазақстанның барлық өнірінде «Аналар үйі» ұйымдары ашылған болатын. Ол ұйымдар толығымен қайырымдылық қордың қолдау көрсетуімен жүргізіліп келеді. Ол жерді жас аналар жұмысқа орналасып, құжаттарын жинап, балаларын бөбекжайға орналастырып алғанша паналайды. «Аналар үйі» екі-үш қабатты жеке үйлерден ашылған. Ол жерде 30 шақта ана балаларымен тұрады. Негізі ондай тұрғын үйлер бар-жоғы 9-10 адамға шақталған. Өмір сүруге жайлылық көрсеткіші төмен. Осындай жайсыздықты болдырмау үшін жас аналарға балалар үйінде тұруға мүмкіндік бар. Оған қоса ата-аналар балаларын уақытша қалдыратын «Үміт» үйінің де жас аналарға ыңғайлы.
ОҚО Абай ауылындағы 7 жасар баланың оқиғасынан кейін Балиева ханымға көпшілік «омбудсмен бұл оқиғаға дер кезінде көңіл бөлмеген» деп айып тақты.