Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл: Президент саясаткердің туған жерінде ескерткіш орнату керек деп санайды

0
1 196

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатында Алматыда ескерткіш-тақта орнату туралы да айтылған.


Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл: Президент саясаткердің туған жерінде ескерткіш орнату керек деп санайды

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Алматыда Заманбек Нұрқаділовты еске алу кеші өтті.

Көпшілік саясаткердің рухына тағзым етіп, оның жетістіктерін, идеялары мен істерін еске алуға жиналды. Олардың арасында белгілі саясаткерлер мен танымал тұлғалар: түрлі партия мен қозғалыстың өкілдері, депутаттық корпустың мүшелері, жазушылар, музыка қайраткерлері және басқалары бар.


Жиналғандар Заманбек Нұрқаділов туралы жылы естеліктерді еске түсіріп, Қазақстанға осындай мықты саясаткерлер керек екенін айтты.


Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сенат басшысы Мәулен Әшімбаевтың хаттары да оқылды.

Заманбек Нұрқаділов

Сурет: Zakon.kz

Заманбек Нұрқаділов

Сурет: Zakon.kz

Президенттің хатында Заманбек Нұрқаділовтің туған жері - Алматы облысы Кеген ауданында ескерткіш, ал Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылатыны айтылған.


Жиналғандардың көбі Нұрқаділовтың олармен бірге түрлі жобаға қатысқанын, инвестиция тартып, халықты жұмыспен қамтамасыз еткенін айтты.

Сөз сөйлегендер "Заманбек Нұрқаділовтің есімі қала тұрғындарың жүрегінде көпке дейін сақталатынын" да айтты.