Зарина Нұрғалиева шахматтан Азия чемпионы атанды

0
590

14 жасқа дейінгі қыздар арасында Зарина Нұрғалиева үздік шықты.


Зарина Нұрғалиева шахматтан Азия чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Индонезияда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында шахматтан Қазақстан құрамасы жақсы өнер көрсетті. Жас шахматшыларымыз жеңіп алған үш жүлденің біреуі – алтын. Оны Зарина Нұрғалиева жеңіп алды, деп жазады zakon.kz.

Республикалық шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Зарина Нұрғалиева үздік шықты.



18 жасқа дейінгі қыздар арасында Ксения Балабаева күміс медальді жеңіп алды. 12 жасқа дейінгі қыздар арасында Елназ Қалиахмет үшінші орынға ие болды.

Бұл үш жүлде қазақстандық шахматшыларға 2022 жылғы Чемпионатта командалық есепте үшінші орынды иеленуге мүмкіндік берді.