Зейнеткерлер ипотекаға үй ала алады

0
716

Пәтерді жаңа үйлерден де жеке тұрғын алабынан да сатып алуға мүмкіндік бар.


Зейнеткерлер ипотекаға үй ала алады

ERNUR.KZ. Жасы 65-тен асқан зейнеткерлер 5-20-25 бағдарламасымен ипотекаға үй ала алады, деп жазады 24.kz.

Жаңа ереже бойынша несие тек үйге мұқтаж ретінде әкімдіктің кезегінде тұрғандарға беріледі. Ипотекалық қарыз алу үшін зейнеткер өзімен бірге сенімді екі адам ерітіп келуі керек. Олардың айлық табысы 101 мың теңгеден жоғары болуы шарт.

Пәтерді жаңа үйлерден де жеке тұрғын алабынан да сатып алуға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, Ұлттық банк осы бағдарламаға 390 млрд теңге бөлді. Оның 180 млрд-ы құрылысқа жұмсалады. Яғни елдің өңірлерінде 15 мың пәтер салынбақ. Қалған 210 млрд теңгесі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне беріледі. Ол кезекте тұрғандарды қаржыландырады.