Полиция олардың неден қайтыс болғанын анықтау үшін сараптама жүргізіп жатыр.
ERNUR.KZ. Ақтөбедегі 8 шағын аудандағы көппәтерлі үйден көршілер жағымсыз иіс сезіп полицияға жүгінген. Полиция пәтерді ашып, екі мәйітті табады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«23 шілдеде Ақтөбе қаласының пәтерлерінің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Өзге ақпарат жария етілмейді»,-деп хабарлады Ақтөбе облысы полициясының баспасөз қызметі.
Пәтер иесі мұғалім екені белгілі болды, ол ауырып, жалғыз тұрған, ұлы анасына барған.
«Біз полиция шақырдық, шыбындар ұшып, иісі өте жағымсыз еді. Полиция келіп, бәрін қоршап алды, оларды алып кетті»,- деді көршілер.
Қазір пәтер мөрленген, есіктерде арнайы бояудың іздері тұр, саусақ іздерін алған болуы керек. Ал көршілер осы пәтерде дезинфекция жүргізуді сұрайды.