Жайық өзенінің деңгейі тағы көтерілді

0
296

Атырау облысының Қазгидромет бөлімшесі бұл ақпаратты растады.


Жайық өзенінің деңгейі тағы көтерілді

ERNUR.KZ. Челябі, Орынбор облыстары мен Башқұртстанда жауған нөсер жаңбыр салдарынан Атыраудағы Жайық өзенінің деңгейі көтерілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ресейлік су қызметкерлері Ириклинск су қоймасынан секундына 345 текше метр су жіберуге рұқсат берді. Бұл өткен жаздағыдан 23 есе көп.

Атырау облысының Қазгидромет бөлімшесі бұл ақпаратты растады.

Ал жетекші инженер-гидролог Ақмарал Мизамғалиеваның айтуынша, бүгінде Орал қаласында Жайық өзенінің деңгейі төмендей бастаған. Су Атырауға келіп, облыстағы өзен деңгейінің көтерілуіне себеп болды.