«Жалақысын төлемеген»: Оралдағы кәсіпкердің өліміне қатысты тың мәліметтер шықты

0
612

Қазіргі уақытта күдіктілерді іздеу жұмысы жүріп жатыр.


«Жалақысын төлемеген»: Оралдағы кәсіпкердің өліміне қатысты тың мәліметтер шықты

ERNUR.KZ. Оралда кәсіпкер Еркін Мұханғалиевтің өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп жазады Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желіде кәсіпкердің өлтірілген сәті түсірілген видео пайда болды.

Видеоны блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook парақшасында жариялады.

«Бизнес құрасың, күн-түні тоқтаусыз жұмыс істейсің, уақытылы салық төлейсің, ондаған адамды жұмыспен қамтамасыз етесің, отбасыңды асырайсың, жақындарыңа көмектесесің, өзгелерден шикізат пен тауарлар сатып аласың, тауарайналымды тұрақты қамтамасыз етесің, осылайша еліңнің дамуына кішкентай да болсын үлесіңді қосасың... Міне осының бәрі бандит болғысы келген екі айуанның әрекетінен бір сәтте жоқ болады», - деп жазды Азамат Сәрсенбаев.

Видеода кәсіпкер мен екі адамның кафеде әңгімелесіп отырған сәтін көруге болады. Арада көп ұзамай дау шығып, екі жігіттің бірі кәсіпкердің күретамыр тұсына пышақ тығып алады. Ол жігіт мұнымен тоқтамай, тағы бірнеше жеріне пышақ сұғады. Қансыраған кәсіпкер терезеден қашып шыққанмен артынан қуып жетіп, көшеде 15 жеріне тағы сұққан. Кәсіпкер Еркін Мұханғалиев жедел жәрдем жеткенше жантәсілім етті.

«Уральская новости» басылымы Telegram каналында полиция департаменті хабарламасын жариялады. Ведомствоның хабарлауынша көз жұмған кәсіпкер қызметкерлерінің жалақысын төлемеген. Кәсіпкердің өліміне күдіктілер оның қоластында жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта күдіктілерді іздеу жұмысы жүріп жатыр.

Айта кетейік, оқиға 6 тамыз күні болды. Күдіктілер жайлы мәлімет анықталды. Олар: 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді. Қанды оқиғадан кейін екеуі де ізін суытты.