«Жалаңаш күйде видео түсіріп бер»: сотта Салтанат Нүкенованың құрбысы жауап беріп жатыр

0
557

Елорда сотында Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр.


«Жалаңаш күйде видео түсіріп бер»: сотта Салтанат Нүкенованың құрбысы жауап беріп жатыр

ERNUR.KZ. Астана қаласында әйелін азаптап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сотта Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмединадан жауап алынды. Ол құрбысының күйеуімен қарым-қатынасы қалай өрбігенін айтып берді. Сондай-ақ куәгер Салтанатты күйеуі Қуандық Бишімбаевтың жалаңаш күйде видео түсіруге мәжбүрлегенін айтты.

«Сәуір айында мен отбасыммен демалысқа кеттім. Демалыстың бірінші күні түнде Салтанаттың хабарламаларынан ояндым. Ол қатты қорқып тұрды: «маған адвокат керек, мен бәріне дайын болуым керек. Ол мені ұрып-соқты, Айтымға суреттерімді жібердім. Ол келіп, Қуандық екеуі төбелесті. Одан бірнеше рет кеткім келген. Ол «отбасыңда менің сені ұрып-соққанымды дәлелдейтін суреттер бар, кейін маған қоқан-лоққы жасайсыңдар, мен сені жібермеймін. Кепілдік ретінде сен маған жалаңаш күйде видео түсіріп беруің керек» деп айтты деді. Мен одан «Сен оның айтқанын орындадың ба?» деп сұрағанымда, ол «иә, істедім, басқа амалым болмады» деп жауап берді», - деді Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина.