Жалған тексеру белгілері анықталған техникалық байқаудың диагностикалық карталары жойылады.
ERNUR.KZ. Жаңа ереже бойынша диагностикалық картадан бас тарту кезінде автокөлік иесіне техникалық байқаудан қайта өту қажеттілігі туралы SMS хабарлама келеді, деп жазады zakon.kz.
Яғни, сіз техникалық тексерістен өткен орталықтың жұмысы тоқтатылды деген сөз. Былтыр заңсыз қызмет көрсеткен 168 оператордың рұқсаты жойылған.
Ал техникалық байқаудан уақытылы өтпегендер 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 17 250 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.