Жалғызбасты ана тырнағындағы бояуы үшін әлеуметтік көмектен қағылды

0
1 443

Жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек беру ережесі тағы өзгереді.


Жалғызбасты ана тырнағындағы бояуы үшін әлеуметтік көмектен қағылды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. АӘК алуға өтініш берген жалғызбасты қарағандылық келіншекке тырнағындағы бояуы үшін аталған көмек қағылды, деп жазады nv.kz.

Жалғызбасты ана Гүлнара Қасымованың бір қызы бар, ол бүгінде жалдамалы пәтерде тұрады. Жаз айында жұмыстың тым аз болуына байланысты жалғызбасты ана атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырған. Гүлнара Қасымованың үйіне келген тексеруші келіншекті көмекке мұқтаж емес деген шешім шығарған. Мұның себебінің бірі - келіншектің "маникюрі" болған. Осылайша берген өтініші қабылданбаған.

"Менің көңілім қалды. Шын мұқтаж жандардың құжаттары болмашы нәрсе үшін өтпей қалады, ал күйеуі бар немесе тұрақты жұмысы, баспанасы бар, көмекке зәру емес адамдар көмек алып жатыр" - дейді келіншек.

Мамандардың айтуынша құжат өткізу кезінде көптеген кемшіліктер орын алған. Тіпті қыруар табысы бар, екіқабатты үйде тұратындар да көмек алып келген.

Бұдан былай көмекке мұқтаж отбасылардың жағдайын тексеретін комиссияларға барлығын анықтап шығу үшін жеті күн уақыт берілмек.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек беру ережесі тағы өзгереді. Енді еліміздегі барлық көпбалалы отбасылар табысына қарамастан әлеуметтік көмекті алатын болады.