Жамбыл облысында 4,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

0
550

Бұл учаскелердің кадастрлық құны 55 млн теңгеден асады.


Жамбыл облысында 4,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

ERNUR.KZ Жамбыл облысы Байзақ ауданының прокуратурасы 465 гектар жерді заңсыз беру фактісін және пайдаланылмай жатқан 4292 гектар жер телімін анықтады, деп жазады sputnik.kz.

Прокуратураның мәліметінше, бұл учаскелердің кадастрлық құны 55 млн теңгеден асады.
"Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде сотқа дейінгі тәртіппен пайдаланылмай жатқан жер учаскелері толық қайтарылды. Ал қалған заңсыз берілген жерлер бойынша сотқа жерді жалға алу шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді", - делінген қадағалау органының хабарламасында.
Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, 465 гектар жер мемлекетке қайтарылды.
Бұл жер учаскелері алдағы уақытта шаруа қожалықтарына заңда белгіленген тәртіппен беру арқылы шаруашылық айналымына тартылады, дейді ведомстводағылар.