Жамбыл облысында "Апаттар медицинасы орталығының" басшысы сотталды

0
200

Кәмелетке толмаған балалары болғандықтан жазаны өтеу мерзімі 4 жылға кейінге қалдырылды.


Жамбыл облысында

ERNUR.KZ. "Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалы басшысының міндетін атқарушы сотталды, деп жазады sputnik.kz.

№ 2 Тараз қалалық сотының үкімімен "Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалы басшысының міндетін уақытша атқарушы мен осы филиалдың кадрлар жөніндегі инспекторы сотталды.
"Олар фельдшер ретінде жұмысқа орналастыру үшін айтарлықтай мөлшерде пара алған. Сотталушылар тиісінше 4 және 3,6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесілді, олар енді мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқара алмайды", - дейді ведомство.
Кәмелетке толмаған балалары болғандықтан Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде жазаны өтеу мерзімі 4 жылға кейінге қалдырылды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.