«Қазфосфат» өндіріс орнына тиесілі орталық байыту фабрикасы ғимараты шатырының тақтайшасы құлап кеткен.
Жамбыл облысында ер адам жұмыс орнында алған жарақаттан көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
13 қыркүйек сағат 16:20 шамасында Сарысу ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудандық ауруханадан хабар түскен.
Онда «Қазфосфат» өндіріс орнына тиесілі орталық байыту фабрикасы ғимараты шатырының тақтайшасы құлап кетіп, ғимарат ішінде жұмыс жасап жүрген үш қызметкердің түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілгені айтылған.
Салдарынан кәсіпорынның 58 жастағы жұмысшысы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Сондай-ақ, еңбек инспекциясымен арнайы тексеру жүріп жатыр.
Қажетті сот-медициналық және сот-құрылыс сараптамалары тағайындалды.