Жамбыл облысында мемлекет жерін өз бетінше иеленіп алғандар жазаланды

0
528

Жерді нысаналы мақсатынсыз пайдаланғаны үшін 2 жер пайдаланушыға 3 ай мерзімге нұсқама берілді.


Жамбыл облысында мемлекет жерін өз бетінше иеленіп алғандар жазаланды

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті 2024 жылға Жамбыл облысы бойынша ауданы 80 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 73636,0851 га жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде, аудандар бойынша ең жоғары көрсеткіш Т. Рысқұлов ауданында 48582,3534 га, Сарысу ауданында 11343,1037 га және Мойынқұм ауданында 5539,4574 га", - делінген хабарламада.

Жамбыл облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және облыс аумағында жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс тексерулерді тұрақты жүргізеді.

Нәтижесінде мемлекет жерін өз бетінше иеленіп алған үшін 4 жер пайдаланушыға нұсқама беріліп, айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92, 94 баптарына сәйкес жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін бір жыл мерзімге 27 нұсқама берілді.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабын бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-тармағына сәйкес "Шу ауданы әкімінің аппараты" КММ-де айыппұл салу түрімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, Шу аудандық сотына жіберілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және Департаменттің бақылауында.