Жамбыл облысында полицей өз-өзіне қол жұмсады

0
327

Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жамбыл облысында полицей өз-өзіне қол жұмсады

Фото BAQ.KZ архив

ERNUR.KZ. Оқиға Тараз қаласынан 5 шақырым жерде орналасқан Жасөркен ауылында болды, деп жазады baq.kz.

ztb.kz мәліметінше, 22 жастағы Мамандандырылған күзет қызметін басқармасының полиция сержанты қызметтік ПМ тапаншасынан өзін-өзі атып, қаза тапты.

"Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің толық, объективті және жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.