Акция аясында тазалық жұмыстары облыстың барлық аудандарында өткізілмек. Шара барысында саябақтар мен скверлер, көпқабатты тұрғын үйлердің маңын, демалушылар көп жиналатын орындар жиналады.
Жамбыл облысында 800 мыңнан астам тұрғын қатысқан көктемде басталған экологиялық акция күзгі тазалық айлығымен жалғасуда. Бүгін акция аясында тұрғындар мен жастардың атсалысуымен профилактикалық шаралар ұйымдастыру жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, облыс орталығы Тараз қаласында «Күзгі тазалық» экоакциясы шеңберінде «Сәби қоры» атындағы саябақ қоқыстан тазартылса, өңір жастарымен «Таза қала» ұраны арқылы Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақта тазалық жұмыстары жүргізіледі.
Акция аясында тазалық жұмыстары облыстың барлық аудандарында өткізілмек. Шара барысында саябақтар мен скверлер, көпқабатты тұрғын үйлердің маңын, демалушылар көп жиналатын орындар жиналады.
Сонымен қатар, Байзақ ауданында ТЖД және «ҚазТрансАймақ» АҚ өкілдері аудан тұрғындарының арасында профилактикалық шарасын жүргізбек, осындай түсіндіру жұмыстары Жамбыл және Талас ауданында жалғасын табады. Жуалы ауданында мектеп оқушыларымен «Таза Қазақстан – таза әлем» атты семинар, Қордай ауданында «Таза Қазақстан» атауымен «Береке» колледжінің студенттерімен, Меркі ауданында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылатын болады.
Сондай-ақ, Мойынқұм ауданының жастарымен «Тазалық өзіңнен басталады» челленджі өткізіліп, Сарысу ауданы Жаңатас қаласында «Даңқ» монументінің айналасы, Т. Рысқұлов ауданында адамдар көп жүретін «Ардагерлер» саябағы күл-қоқыстан тазартылады.