Жаңа еGov платформасы: Сбермен қатар Қытай да өз технологиясын ұсынды

0
440

Мәліметтерді жария етпеу туралы келісімшарт аясында қытай тарапымен арадағы келіссөздер жайы толығырақ таратуға жатпайды.


Жаңа еGov платформасы: Сбермен қатар Қытай да өз технологиясын ұсынды

ERNUR.KZ. Мемлекеттік цифрландыру платформасын ауыстыруға ресейлік "Сбермен" қатар Қытайдағы серіктестер де өз қызметін ұсынды. Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Министр "Сбермен" арадағы қол қойылған меморандум Қазақстанға ештеңе міндеттемейтінін айтты. Мусин ынтымақтастық мәселесі саяси емес, технологиялық мәселе екенін және келісім жасалған жағдайда жұмыстар жекелеген компаниямен жүргізілетінін мәлімдеді. Қазақстан қойып отырған басты талап – ашық кодтарды ұсыну. Бұл отандық платформадағы ақпарат қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"30 жыл бойы біз технологияны кімнен алып отырғанымыз ешкімді мазалаған жоқ. Заң бойынша біз платформаға толық анализ, техникалық сараптама жүргізу керекпіз. Біз түрлі компаниялармен келіссөз жүргіздік. Басты талап – ашық кодтар. Әзірше осы шарт бойынша бізге Қытайдан ұсыныс келіп түсті. Олардың да бізге қоятын талаптары бар. Әззірше келіссөз жүргізбедік", - деген министр жария етпеу туралы келісімге байланысты Қытаймен келіссөз мән-жайына толығырақ тоқтала алмайтынын мәлімдеді.

Бағдат Мусин егер ашық код бірден ұсынылмаса (келісім бойынша ашық кодтар кейінірек ұсынылады – Sputnik), онда Сбермен де келісім жасалмайтынын атап өтті.

Ол қазір жаңа платформаны әзірлеушілер алдындағы міндеттер мен қажетті технологияларды зерттеу жүріп жатқанын айтты.

Бағдат Мусин жаңа платформаның әзірлемесімен тек Қазақстан азаматтары айналысатынын хабарлады. Бұл норма барлық құжатта бекітіледі.

Еске салары, биыл қыркүйекте Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин мен Сбербанк басшысы Герман Греф Қазақстанды цифрландыру жобалары, цирфландырудың платформалық үлгісіне және Data-Driven Government тұжырымдамасына көшу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.