Жаңа оқу жылынан бастап апта сайын қауіпсіздік сабақтары өткізіледі

0
381

Бұдан бөлек биыл осы тақырыпта сыныптан тыс 1852 интерактивті ашық сабақ және 1162 оқу-жаттығу өткізілді.


Жаңа оқу жылынан бастап апта сайын қауіпсіздік сабақтары өткізіледі

ERNUR.KZ. Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептерде 1-11 сынып оқушыларына, сынып сағаттары аясында апта сайынғы қауіпсіздік сабақтары енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz.

ҚР Білім және ғылым министрі Ғани Бейсембаев жазғы шомылу маусымында балалар қауіпсіздігі шараларына қатысты Үкімет отырысында есеп берді.

"Мемлекеттік жалпы білім берудің міндетті стандарттары аясында балабақшаларда ойын, практикалық сабақтар өткізу, анимациялық роликтер көрсету арқылы судағы қауіпсіздік сабақтары өтті. Мектептерде 4 пән бойынша жалпы 38 сабақ қауіпсіздік тақырыбына арналған. Сонымен қатар биылғы оқу жылында 2 327 тиісті сынып сағаты ұйымдастырылды", - деді Министр.

Қауіпсіздік нұсқаулықтары, оның ішінде суға түсудегі қауіпсіздік дағдылары қамтылған "Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың" атты GUIDEBOOK мектеп оқушыларына таратылды.

"Ал, жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептерде 1-11 сынып оқушыларына, сынып сағаттары аясында апта сайынғы қауіпсіздік сабақтары енгізіледі.
Бұдан бөлек биыл осы тақырыпта сыныптан тыс 1852 интерактивті ашық сабақ және 1162 оқу-жаттығу өткізілді. Бүгінде білім беру ұйымдарында 10476 қауіпсіздік бұрыштары орнатылған, 2800 "Жас құтқарушы" үйірмелері жұмыс істейді", — деді Ғ. Бисембаев.

Биыл қолға алынған шаралар:

— Жаз мезгілінде барлық өңірлерде емлекеттік органдар мен әкімдіктер өкілдерінің бірлескен мониторингтік топтары құрылды. Мониторинг топтар су қоймаларының жанында орналасқан қала сыртындағы 31 лагерлер мен 127 бассейндерді қауіпсіздік тұрғысынан зерделеді, оларға санитарлық бақылау күшейтілді.

– Жазғы демалысты ұйымдастырушыларға арналған балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында республикалық 3 семинар-кеңес өткізілді.

– Жалпы, жазатайым оқиғалардың 95% шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен әкімдіктер суға түсуге тыйым салынған және рұқсат етілген орындардың тізімін жаңартып, құтқару кезекшілігін ұйымдастырып, ескерту белгілерін орнату жұмыстарын күшейтуі қажет.