Жаңа Салық кодексі: міндетті төлемдердің саны қысқарады

0
393

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексін қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыруға болатынын айтты.


Жаңа Салық кодексі: міндетті төлемдердің саны қысқарады

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің қарауына жаңа Салық кодексінің жобасы мен іліспе құжат келіп түсті, деп жазады inform.kz.

«Бұл заң жобалары Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленіп, Үкіметтің қаулыларымен 2024 жылғы 28 тамызда Мәжіліске енгізілген болатын. Салық кодексінің жобасы 822 баптан тұрады, сонымен қатар қолданыстағы Салық кодексі мен оны қолданысқа енгізген заңның күшін жояды», - деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Татьяна Савельева палатаның жалпы отырысында.

Кодекс жобасы аясында мына ұсыныстар қамтылған:

- жекелеген салалардағы салық төлеушілер үшін корпоративті табыс салығының мөлшерлемесін саралау;

- қайта өңдеуді дамыту үшін салық шегерімдерін кеңейту және жаңғырту үшін табысты қайта инвестициялауды ынталандыру;

- салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің санын қысқарту;

- барлық арнаулы салық режимдерін оңтайландыру;

- салық жеңілдіктерін беру мониторингі мен талдау тәсілдерін қайта қарау;

- сондай-ақ салық саласында әкімшілендіруді жетілдіруге ықпал ететін іс-шаралар.

«Мәжіліс комитеті бұл заң жобаларын талқылауға алып, олар бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Т. Савельева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексін қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыруға болатынын айтты.

Биыл маусым айынның аяғында Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі «Ашық НҚА» порталында жаңа Салық кодексінің жобасы орналастырылғанын хабарлады.