Жаңа туған сәбиін несие жабу үшін саудаламақ болғандар ұсталды

0
738

Елімізде “STOP-трафик” кезекті республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.


Жаңа туған сәбиін несие жабу үшін саудаламақ болғандар ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысы мен Шымкентте жаңа туған нәрестесін өзге адамға сатпақ болған екі әйел ұсталды, деп жазады baq.kz.

Елімізде “STOP-трафик” кезекті республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Операция барысында 39 қылмыс анықталды. Атап айтқанда:

  • ағза саудасының 1 фактісі;
  • еңбекке тарту мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың 3 фактісі;
  • адам саудасының 7 фактісі;
  • жезөкшелікпен айналысуға тартудың 4 фактісі;
  • притон ұстау және жеңгетайлықтың 24 фактісі.

Алматы облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған баланы сату фактісін анықтады.

Облыстың 24 жастағы тұрғыны жүктіліктің жетінші айында әлеуметтік желіде баланы сату туралы хабарландыру жариялап, сатып алушыларды іздеумен айналысқан. Соңында ол балалары жоқ ерлі-зайыптыларды тауып, олармен келісім жасаған. Сатып алушы тарап әйелдің несиелік қарыздарын өтеп бермек болған. Бұл факт “Кәмелетке толмағандар саудасы” бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды, - деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Жаңа туған нәрестені саудалаудың тағы бір фактісі Шымкентте тіркелді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 23 жастағы жас әйелдің өз баласын сатпақ болып, сатып алушыларды іздеумен айналысқанын анықтады. Ол делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тапқан. Факт Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бала сәбилер үйіне орналастырылды. Күдікті қамауға алынды, – деді ол.