Жаңаөзенде әйелдер ойын алаңында төбелескен

0
902

Жанжал түсте басталған, бұл кезде алаңда бала көп болған.


Жаңаөзенде әйелдер ойын алаңында төбелескен

ERNUR.KZ. Жаңаөзенде екі әйел ойын алаңында төбелесті. Ашуланған әйелдер балалар мен ата-аналарының көз алдында осындай қадамға барған, деп жазады "КТК"телеарнасы.

Жанжал түсте басталған, бұл кезде алаңда бала көп болған. Екі әйел велосипед бөлісе алмаған: әрқайсысы велосипедке баласы отыруы керек деп ойлаған. Алдымен әйелдер бір-біріне дауыс көтеріп сөйлескен, содан кейін жұдырықтасқан.

Әйелдер құмсалғышқа құлағаннан кейін де төбелесті жалғастырған. Оларды сол жерден өтіп бара жатқан ер адамдар ғана ажыратып алған. Желідегі даулы кадрларды көрген полиция оларды іздеген. Бірақ екеуі де бір-біріне ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеген.

"Полиция екеуін де анықтады, содан кейін азаматтар қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Әйелдердің бір-біріне деген шағымы жоқ, мәлімдеме жазған жоқ. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.