Жаңаөзендегі мектептің видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын шошытты

0
730

Видео Жаңаөзендегі мектептің жертөлесінде түсірілген.


Жаңаөзендегі мектептің видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын шошытты

ERNUR.KZ. Блогер Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желіде Жаңаөзендегі мектептің видеосын жариялады. Оның айтуынша, білім ордасының жағдайы мүшкіл, деп жазады Tengrinews.kz.

Видео Жаңаөзендегі мектептің жертөлесінде түсірілген. Блогердің айтуынша, мектеп қирап, тіректері алыстап кеткен, ғимарат кез келген сәтте құлауы мүмкін.

"Осы заңсыздық фонында директор қайда қарап жүргенін түсінбеймін, неге мектептің жағдайы туралы білім бөліміне хабарламаған, әкім қайда қарап отыр?" - дейді ол.
Жаңаөзен қалалық білім бөлімі Кендірлі ауылында орналасқан №21 мектеп 2011 жылы пайдалануға берілгенін хабарлады. Ол 1200 орынға есептелген. 2022 жылы толассыз жауған жаңбыр салдарынан су басқан білім мекемесінің жертөлесінде шұғыл жұмыстар жүргізілген.
"Қазіргі уақытта мектептің жертөлесінде құрылыс-техникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша шаралар қабылданады. Мектептің тірек конструктив элементтері қанағаттанарлық жағдайда болғандықтан, қызметкерлер мен оқушылардың өміріне қауіп төнбейді", - деді білім бөлімі өкілдері.