Жаңаөзеннің жұмыссыз қалған азаматтары Астанада энергетика министрлігінің алдында түнеп шықты

0
839

Жаңаөзеннен келгендерге министрліктен әлі ешкім шықпаған.


Жаңаөзеннің жұмыссыз қалған азаматтары Астанада энергетика министрлігінің алдында түнеп шықты

ERNUR.KZ. Жаңаөзен қаласындағы "БерӘлі Маңғыстау Company" кәсіпорнының жұмыстан қысқарған 82 жұмысшысы 10 сәуірде Астанаға келіп, энергетика министрлігінің алдында түнеп шықты. Олар министрліктен жұмыс мәселесін шешуді талап етеді, деп жазады stan.kz.

"Өзенмұнайгазға" еншілес "БерӘлі Маңғыстау Company" кәсіпорнында жұмыс істеген 100-ден астам мұнайшы 1 сәуірден бастап табыссыз қалғанын айтып, тұрақты жұмыс талап етіп келген. Олар алдымен Жаңаөзен әкімдігіне және "Өзенмұнайгаз" компаниясына барып, бірнеше күн наразылық білдірген. Кейін мәселе шешілмеген соң, 80-нен астам жұмысшы пойызбен Астанаға жолға шыққанын хабарлаған.

Власть басылымының жазуынша, жұмысшылар келген күні Астанадағы "ҚазМұнайГаз" ғимаратының маңына автозактар қойылған. Белгілі болғандай, наразылық білдірушілер энергетика министрлігінің ғимаратының алдында қалған, полиция олардың акциясына қарсы әрекет етпегені айтылады.

Жаңаөзеннен келгендерге министрліктен әлі ешкім шықпады.

Биыл сәуірде "Өзенмұнайгаз" компаниясы тендер жариялап, бұл тендерді "Кезби" серіктестігі жеңіп алды. Ал "Өзенмұнайгаз" бен "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниялары арасындағы келісімшарт тоқтаған. Осыдан соң Жаңаөзенде 100-ден астам адам жұмыссыз қалған.