Жаңатастағы өрт: Қылмыстық іс қозғалды

0
2 761

Балаларды жерлеу рәсімі бүгін өтеді.


Жаңатастағы өрт: Қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің бірінші орынбасары Бақыт Ратаев өңірлік коммуникациялар қызметінінің алаңында Жаңатаста болған өрт оқиғасына қатысты өткен брифингте айтты, деп жазады baq.kz.

Бүгінгі таңда қылмыстық іс қозғалып, сот алдындағы тергеу басталды. Өрт кезінде анасы сыртта жүрген. Өрт басталғанда көршісі оған хабарласқан. Анасы 10-15 минут көлемінде келіп, есікті өзі ашқан. Қазір біз одан істің мән-жайын сұрай алмаймыз. Себебі ол балаларын жерлеуге кетті, - деді ол.

Бақыт Ратаев жерлеу рәсімі бүгін өтетінін айтты.

Қазір анасымен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. Бүгін жерлеу рәсімі сағат 15-00-де өтеді, - деді Ратаев.