Жәнібек Әлімханұлының аурухана төсегінде жатқан фотосы тарады

0
956

Qazaq style командасы боксшының жағдайы бірқалыпты екенін мәлімдеді.


Жәнібек Әлімханұлының аурухана төсегінде жатқан фотосы тарады
ERNUR.KZ. Жәнібек Әлімханұлының командасы боксшының қазіргі жағдайы туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Құрметті ағайындар! Жекпе-жек болмайды деген жаңалықты оқып сіздердің де көңіл күйлеріңіз түскенін білеміз. Себебі жанашыр, тілеулес екендеріңізді білеміз! Әлемнің түкпір-түкпірінен қаншама жанкүйер өнерімізді көрсек деп асыға күтті. Біз де рингте Qazaq style-ды көрсету үшін барымызды салып дайындалдық", - делінген хабарламада.

Qazaq style командасы боксшының жағдайы бірқалыпты екенін мәлімдеді:

"Дегенмен көп спортшылар сияқты біз де салмақ жасау барысында қиындыққа тап болдық. Бірінші рет осындай жағдайды бастан өткердік. Оңай емес екен! Түнімен ауруханада болдық! Мұны да көру керек болған шығар! Қазір Жәнібектің жағдайы бірқалыпты! Денсаулық бірінші орында! Бұйыртса 2-3 ай қалыпқа келіп, рингке қайта ораламыз! Тілеулес жандардың бәріне мың алғыс! Ауырмаңыздар!"