"Жарып жіберемін" - Нұр-Сұлтанда ер адам қоқан-лоққы көрсетті

0
579

Көрші пәтерлерден 30-ға жуық тұрғын эвакуацияланды.


ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда ер адам «газ баллонын жарып жіберемін» деп, айналысындағыларға қоқан-лоқы көрсетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Елордалық Полиция департаментінің хабарлауынша, 102 нөміріне 27 қазан күні сағат 17: 50-де шұғыл қоңырау келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көрші пәтерлерден 30-ға жуық тұрғынды, оның ішінде балаларды эвакуациялады.

28 жастағы ер адам ұсталды. Оның мұндай әрекетке баруына отбасылық жанжал себеп болған.