Ғиззат Байтұрсынов 1994 жылы Шымкентте дүниеге келген.
Енді Жасанды интеллект комитетінің төрағасы қызметін Ғиззат Байтұрсынов атқарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов ведомствоның Жасанды интеллект комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды",- делінген ақпаратта.
Ғиззат Байтұрсынов 1994 жылы Шымкентте дүниеге келген. Малайзияның Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін, Д. А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын жеке компанияда бағдарламашы болып бастаған. 2019 жылы "Жастар практикасы" бағдарламасы бойынша ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінде жұмыс істеді. 2020-2023 жылдары-цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ЦДИАӨМ электрондық өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры.