Жауапсыз ата-аналар бақылауға алынады

0
3 957

Түнгі уақытта балаларын ойын-сауық орындарына жібергені үшін 2,5 мыңға жуық ата-ана жауапкершілікке тартылды.


Жауапсыз ата-аналар бақылауға алынады

ERNUR.KZ. Еліміздің барлық өңірінде балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді, деп жазады 24.kz.

Рейд барысында 800-ден астам тексеру жүргізіліп, 239 ұсақ бұзақылық тіркелді. Соның ішінде оқушылардың алкогольдік мас күйде болуының 64 фактісі, мектеп маңында 3,5 мыңнан астам жол жүру қағидасын бұзу оқиғалары анықталды.

Түнгі уақытта балаларын ойын-сауық орындарына жібергені үшін 2,5 мыңға жуық ата-ана жауапкершілікке тартылды. 302 ата-ана балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін, сондай-ақ 57 ата-ана кәмелетке толмағандардың алкоголь ішкені үшін жауапқа тартылды.