БАҚ өкілдері жекеменшік мектептердің оқушыны хиджабпен қабылдауға рұқсаты бар-жоқтығын нақтылап сұрады.
ERNUR.KZ. Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желі қолданушысының баласын жеке меншік мектеп хиджабпен қабылдағаны туралы жазбасына пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бізде бәрі заң бойынша регламенттеледі. Сондықтан ол жекеменшік бола ма, мемлекеттік мектеп бола ма, бәрі сол заңға бағынып, соның шеңберінде орындалуы тиіс. Сіз қалай ойлайсыз, көпшілік болып қаболдаған заңды орындауға міндеттісіз бе?», - деп жауап берді министр.
БАҚ өкілдері жекеменшік мектептердің оқушыны хиджабпен қабылдауға рұқсаты бар-жоқтығын нақтылап сұрады.
«Барлық мектептер белгіленген заң шеңберінде, белгіленген тәртіп бойынша ұйымдастырылуы керек. Жалпы бізде мониторинг деген бар. Әрбір өңірде білім сапасын қамтамасыз ететін департаменттер бар. Олар барлық өңірдегі сапаның қамтамасыз етілуін қадағалап отырады. Сол кісілерден бізге дабыл түсіп жатса, олар қарап, сол бойынша шешім қабылдайды», - деді ведомство басшысы.