Желі қолданушысы молдалардың қазақтың тарихы мен салт-дәстүрінен емтихан тапсыруын талап етті

0
710

Молдалардың қазақтың тарихы мен салт-дәстүрінен емтихан тапсыруын талап етемін – желі қолданушысы.


Желі қолданушысы молдалардың қазақтың тарихы мен салт-дәстүрінен емтихан тапсыруын талап етті

ERNUR.KZ. Желіде түрлі имам-молдалар кейде ұлттық құндылықтарды жоққа шығарып, кейде бұрмалап, кейде діни бояу жағып айтатыны жиі шуға ұласып жатқан тұста Тұрар Құсайын есімді желі қолданушысы имамдарды емтихан арқылы іріктеп алу керек деген бастама көтерді, деп жазады ulysmedia.kz.

“Мүфти және ҚМДБ-да уағыз айтатын имам-молдалардың қазақтың тарихы мен салт-дәстүрінен емтихан тапсырып,аттестациядан өтуін шұғыл талап етемін!” дейді Тұрар Құсайын өзінің фейсбук парақшасында.

Қолданушының жазбасы өзге жазбаларынан көбірек лайк жинағанына қарағанда мұндай пікір жұртшылыққа ұнаған сияқты.

Бастаманы қолдайтынын жазып жатқандар да бар: “Қолдаймын қос қолдап!!!!!”, “Дөп басып айыттың...”, “"АТА ДІН" МЕН " ҚАТЕ ДІНДІ" АЙЫРАТЫН КЕЗ ЖЕТТІ!”, “Дұрысы: қазақ халқының ар-намысын таптап, дүниетанымына тіл тигізгендерін заңмен жауапқа тарту керек!!!!” дейді қолданушылар.

Имам Қабылбек Әліпбайұлы «қазақтың 70 пайыз сөзі араб тілінен кірген» деп елді шулатқан. Көпшілік өзіне қарсы шыққаннан кейін имам сөзін жоққа шығарып, “біздің діни білімге, діни құлшылық жасауға қатысты 70 пайыз сөз арабтан кіргенін айттым” деп ақталған.

Сондай-ақ имам-молдалар арагідік уағызында зайырлы, құқықтық қоғам қағидаттарына қайшы пікір айтып жатады.