Желіде "мемқызметкерлер" төбелесінің видеосы тарады

0
925

Төбелес Ақтөбе мейрамханаларының бірінде болған.


Желіде

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Ақтөбе мейрамханаларының бірінде болған төбелестің видеосы тарап жатыр. Сол күні жаңажылдық корпоративте төбелескендер - мемлекеттік қызметкерлер делінген, деп жазады tengrinews.kz.

Видео авторы төбелестің Ақтөбе мейрамханаларының бірінде болғанын айтады. Онда ер адамның біреумен жанжалдасқаны, кейін жұдырық ала жүгіргені түсірілген. Олардың біреуіне жұдырықтап, тепкінің астына алған. Он шақты адам осы жағдайдың куәгері болған, олардың арасында әйелдер де бар. Ақтөбе облыстық полицейлер, оқиғаның желтоқсанның 25-нен 26-на қараған түні болғанын айтады.



"Төбелескендер мемлекеттік қызметке еш қатысы жоқ. Жеке дүкеннің қызметкерлері мен бір компанияның мамандары арасында төбелес шыққан. Сотқа дейінгі тергеу шаралары "Бұзақылық" бабы бойынша жүргізіліп жатыр", - деді ПД өкілдері.

Осыған ұқсас жағдай Алматы облысында болды. Қазнет қолданушылары видеоны талқылап, Жаңа жыл қарсаңында мейрамханада тойлаған шенеуніктер төбелесті дегенді жазған еді. Шынымен де төбелескендердің арасында Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болғаны белгілі болды. Өңірлік әкімдік баспасөз қызметінің өкілдері, мұның корпоратив еместігін айтты.