Жеңіске 75 жыл: Елордалық ардагерлер Мәскеудегі әскери парадқа қатысады

0
2 678

Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңісіне – 75 жыл.


Жеңіске 75 жыл: Елордалық ардагерлер Мәскеудегі әскери парадқа қатысады

ERNUR.KZ. Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі бас қалада өтетін іс-шаралар жоспары бекітілді. Сол жоспарға сәйкес, елордалық соғыс ардагерлері Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтетін әскери парадқа қатысады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді мәлім етті, деп жазады Елорда Инфо.

«Нұр-Сұлтанда Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының республикалық жобасы негізінде және әкімдіктің мемлекеттік мекемелерінің барлық ұсыныстарын ескере отырып, іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Аталған жоспар аясында бірқатар жұмыстарды қолға алдық. Айтар болсақ, қала әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» №511-1707 қаулысына сәйкес, Сарыкөл және №23-8 көшелері біріктіріліп, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі ретінде қайта аталды», - деді Т.Рахманберді қалалық әкімдікте өткен алқалық жиында.
Сонымен қатар, басқарма басшысы астаналық соғыс ардагерлерінің ерлігіне арналған жаңа туынды жарық көретінін айтты.
«Сондай-ақ, екінші дүниежүзілік соғысы ардагері тұрады» атаулы тақтайшалар бірыңғай үлгіде жаңартылады, қала бойынша Жеңіске арналған 8 ескерткішке және оған іргелес аумақты жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сол сияқты Т.Бигелдинов ескерткішін орнату, ардагерлердің портреттерін билбордтарда орналастыру жоспары тұр. Және де соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде біржолғы ақшалай көмек төленеді», - деді ол.
Одан бөлек, Т.Рахманберді астаналық соғыс ардагерлерінің Мәскеу қаласына сапарын ұйымдастыру жұмысына тоқталып өтті.

«Өздеріңіз білесіздер, ІІ дүниежүзілік соғыстың 75 жылдық мерейтойына орай Мәскеуде әскери парад өтеді. Соған орай біз қазір Нұр-Сұлтан қаласынан қатысатын ардагерлер санын жасақтап, делегация жіберетін боламыз», - дейді басқарма басшысы.