Жер кодексіне өзгерістер енгізілді

0
643

2020 жылғы қазанда «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырылу барысының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілген.


Жер кодексіне өзгерістер енгізілді

ERNUR.KZ. Жер кодексіне құрылыс үшін жер учаскелерін беруге тыйым салуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп жазады baq.kz.

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, 2020 жылғы қазанда «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырылу барысының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілген. Аудит барысында жеке тұрғын үй құрылысын дамыту жер учаскелерін бөлу тәсілдерін қайта қараусыз, тек тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу арқылы тұрғын үйге қолжетімділік мәселелерін шешуге ықпал етпейтіні анықталды.

Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігіне халықтың тығыздығына және өңірлердің қала құрылысы жағдайларына байланысты жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер учаскелерінің алаңдарын айқындауға сараланған тәсілді қолдану арқылы жер учаскелерін беру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Биыл 5 сәуірде Жер кодексіне халықтың есептік саны жиырма мың адамнан асатын елді мекендердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары немесе бас жоспарлары болмаса, құрылыс үшін жер учаскелерін беруге тыйым салуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Тыйым салу халық саны жиырма мың адамға дейінгі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарларға (немесе олардың саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамыту мен салудың оларды алмастыратын схемасына) қатысты, сондай-ақ инженерлік желілер болмаған жағдайларға қатысты болып отыр.