Жергілікті органдар бос жер телімдері туралы ақпаратты тоқсан сайын жариялауға міндеттеледі

0
419

Осыған байланысты ҚР Үкіметіне Жер кодексіндегі олқылықтарды жою мәселесін қарау туралы ұсыным берілді.


Жергілікті органдар бос жер телімдері туралы ақпаратты тоқсан сайын жариялауға міндеттеледі

ERNUR.KZ. Жер кодексіне енгізілген өзгеріс бойынша жергілікті атқарушы органдарға жаңа міндет жүктелді, деп жазады stan.kz.

Жоғары аудиторлық палата баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы маусымда жер ресурстарының ұтымды басқарылуын, пайдаланылуын және қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы жер ресурстарының басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілген.

Тексеріс кезінде Жер кодексінде жергілікті атқарушы органдарға бос жатқан жер телімдері туралы ақпаратты жариялау талаптарының жоқтығы анықталған. Осыған байланысты ҚР Үкіметіне Жер кодексіндегі олқылықтарды жою мәселесін қарау туралы ұсыным берілді.

Осы тұрғыда Жер кодексінің 43-бабының 1-1-тармағына өзгерістер енгізілді.

Оған сәйкес жергілікті атқарушы органдар бос жер учаскелері мен жоспарланып отырған сауда-саттық жөніндегі ақпаратты мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында, өздерінің интернет-ресурсында және халыққа қолжетімді жерлердегі арнаулы ақпараттық стендте деректерді тоқсан сайын жаңартып отыру кезеңділігімен жариялауға міндетті.