Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың наурызының аяғы мен сәуірдің басынан салынып жатыр.
ERNUR.KZ. Ұлытау облысында жел электр станциясы салынып жатыр. Құны 24,5 млрд теңге болатын инвестициялық жоба құрылысы жыл соңына қарай аяқталады, деп жазады baq.kz.
Сол кезде Жезқазған мен Сәтпаев қаласында 100 мегаватт баламалы энергия өндіретін станция іске қосылады. Жезқазғандағы арнайы аумақта құрылыс жұмыстары басталды. Қазір 16 генератордың әрқайсысының жеке іргетасы құйылып жатыр. Құрылғылар орнатылған соң желден энергия алынып, Сәтбаев қаласындағы подстанцияға жіберіледі.
Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың наурызының аяғы мен сәуірдің басынан салынып жатыр. Биыл 2024 жылы бұл объектіні іске қосып, 100 мегаватт тоқ шығарып, сол тоқты КЕГОК-тың Никольский 1 станциясына өткізу жоспарда, - дейді Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Алмат Саухимов.
Құрылыс жұмыстарына 50 шақты адам жұмылдырылған. Нысан іске қосылғанда 11 маман тұрақты жұмысқа орналасады. Тың жобаны қазақстандық және қытайлық 3 компания жүзеге асырып жатыр. Бұдан бөлек, Жаңаарқа ауданында тағы бір станция салынады.
Жаңарқа ауданында 1000 мегаваттық жел электр станциясын орнату. Бұл жоба 2025 жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда құжаттама жұмыстары рәсімделіп жатыр. 20 гектар жер бөлінді. Қазіргі таңда жел бағытын анықтау үшін «вышка» орнатылды, - дейді Ұлытау облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Бөгенбаев.
Жезқазғандағы индустриялды аймақта жел электр станциясына қажет қондырғыларды шығаратын зауыт ашу көзделген. Өндіріс орнында жылына 100 құрылғы құрастыру жоспарланып отыр.