19 жастағы жігіт жезөкшені жыныстық қатынас кезінде абайсызда тұншықтырып өлтірген.
иллюстрациялық фото
Жезөкшені абайсызда тұншықтырып өлтіріп алған жігіттің ісі қайта қаралатын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық соты кісі өлтіру бабы бойынша сотталған 19 жастағы Теміртау тұрғынына қатысты сот үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі өзге құраммен қайта қарауға жіберді.
Судьялар алқасы негізгі сот талқылауы барысында қылмыстық-процессуалдық заңнама нормаларының бұзылуын анықтады. Сондықтан қылмыстық іс дәл сол сотқа басқа құрамда жаңа сот талқылауына жіберілді.
Еске сала кетейін, 19 жастағы жігіт жезөкшені жыныстық қатынас кезінде абайсызда тұншықтырып өлтірген. Жәбірленуші тарап одан материалдық шығын үшін 380 мың теңге және моральдық шығын үшін 10 миллион өтемақы өндіріп беруді сұрады.
Сотталушы кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген еді.