Азаншылар байқауына жалпы 3 млн теңге тігіліп жатыр
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Үшінші мәрте өткізілетін республикалық байқаудың бас жүлдесіне миллион тігілді, деп жазады Aktobenews.kz.
Шараға еліміздің 14 облысы мен ірі қалаларынан 20-ға жуық азаншы қатысатын болды. Жарысқа имам-ұстаздар Алтынбек Ұтысхан, Сәдуақас қажы Олжабай, Төлеби Оспан, Әли қари Қазақ және «Жігіттер» квартетінің солисі Айдар Тұрғанбек төрелік етеді.
Сондай-ақ танымал қарилар мәнерлеп Құран оқиды.
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 3 млн теңге.
Айта кетейік, азаншылар байқауы «Нұр Ғасыр» мешітінің 10 жылдығына арналады.