Жітіқара ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды

0
676

Дене қызуы көтеріліп, ауырған соң бірнеше рет ауруханаға барған, бірақ оған ем тағайындалып, үйіне жіберілген.


Жітіқара ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Жітіқара қаласындағы ауруханада жүкті әйел қайтыс болды. Оның артында үш кішкентай баласы қалды, деп жазады tengrinews.kz.

31 жастағы жүкті әйелдің медициналық мекеме қабырғасында қайтыс болғанын Денсаулық сақтау басқармасы растады. Тергеу жұмыстарына түрлі ведомство жұмылдырылған.

"Аймақтық мамандарды тарта отырып қызметтік тексеру жүргізілді. Сырттай тексерулер де тағайындалды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті мен Астана қаласының Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы Жітіқара ауруханасындағы әйелдің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр", - Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Бұған дейін қостанайлық Tobolinfo.kz ақпарат агенттігі Роза Мүсілімова Жітіқардағы ауруханада қайтыс болғанын хабарлаған болатын. 31 жастағы әйел жүкті болған. Дене қызуы көтеріліп, ауырған соң бірнеше рет ауруханаға барған, бірақ оған ем тағайындалып, үйіне жіберілген. Түнде әйел Жітіқара ауруханасында қайтыс болды. Үш бала анасыз қалды. Ұлдар тоғыз, алты және алты айлық.