Жоғалған қызылордалық азамат бір айдан кейін табылды

0
1 102

Автокөлік алу мақсатында Башқұрстан астанасы -Уфа қаласына аттанып кеткен.


Жоғалған қызылордалық азамат бір айдан кейін табылды

ERNUR.KZ. Бір айдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткен қызылордалық азамат Башқұртстаннан аман-есен табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне інісінен 10 ақпаннан бері хабарсыз қалғанын айтып арыз түсірді. Інісі автокөлік алу мақсатында Башқұрстан астанасы -Уфа қаласына аттанып кеткен. Содан бері ешбір хабар бермеген. Жергілікті полиция қызметкерлері дереу іске кірісіп, туысқаны ұсынған суретке сәйкес іздеу жүргізді.

«Жедел іздестіру іс-шараларын тез арада жүргізу қажеттілігі туындады. Башқұрстан ішкі істер министрлігінің ресми сайтына өтінім жіберілді. Бұл іздестіру шараларын жеделдетуге мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде бір айдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткен қызылордалық үйіне аман-есен оралды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.