Жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау орталықтары жұмыс істей бастады

0
464

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Қоғамдық қабылдау орталығының ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.


Жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау орталықтары жұмыс істей бастады

ERNUR.KZ. Жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау орталықтары жұмыс істей бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол жерге студенттер мен оқытушылар жаңа идеялары мен ұсыныстарын жолдап, өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап ала алады. Қоғамдық қабылдау орталығының басты мақсаты – ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету, студенттер мен оқытушылардың өзекті мәселелерін шешу, сондай-ақ олардың сенімін нығайту.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Қоғамдық қабылдау орталығының ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жалпыұлттық келісімді, билік пен қоғамның әріптестігін нығайтуды тапсырды. Жоғары оқу орындарындағы Қоғамдық қабылдау студенттермен, ұжыммен, қоғаммен тиімді қарым-қатынас жасау үшін құрылған. Бұл басшылыққа білім алушылармен және олардың ата-аналарымен, академиялық қоғамдастықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға және барлық мәселелерді жедел шешуге көмектеседі», – деп атап өтті министр Саясат Нұрбек.