Жол апатынан қаза болған студент Канадада жерленді

0
772

22 желтоқсан күні Торонто қаласында жүргізуші жаяу кетіп бара жатқан 3 студентті қағып кеткен.


Жол апатынан қаза болған студент Канадада жерленді

ERNUR.KZ. Жол апатынан қаза болған қазақстандық студент Дамир Құсайынның денесі Канаданың жер қойнауына тапсырылды, деп жазады Stan.kz.

Оның анасы Гүлжан Бұхарова баласының музыкаға әуестігін айтып, бала күнінен бастап Канадада оқығысы келгенін айтыпты.

"Ол өзі оқыды. Ағылшын тілінде тақпақ пен әннің сөздерін жазатын, өзі орындайтын", - деп еске алды баласын Гүлжан.

Centennial тұрғын үй кешенінің құрылыс бөлімінің директоры, Дамирды танитындығын жеткізіпті.

"Ол үнемі өзімен тұратын достарына өте керемет жандар екендігін айтып отыратын. Шындығына келгенде оның өзі сондай адам болатын. Дамир өте сезімтал, басқаларына көмек қолын созуға дайын тұратын жігіт еді. Ол көп адаммен дос болды. Мен Дамирді қатты сағынамын", - деді Флеминг.

Centennial College президенті және атқарушы директоры Крейг Стивенсон Дамирдің ерекше тұлға болғынын алға тартты.

"Ол - өте мейрімді, сезімтал, көңілді және жағымды адам еді. Оның өлімі тек біз үшін ғана емес, бүкіл Торонто қаласының тұрғындарына ауыр соққы болды", - деді Стивенсон.

Естеріңізге салайық, 22 желтоқсан күні Торонто қаласында жүргізуші жаяу кетіп бара жатқан 3 студентті қағып кеткен еді. Олардың екеуі оқиға орнында көз жұмған. Үшеуі бірдей Centennial College-нің халықаралық студенттері болған. Сонымен қатар студенттерді басып кеткен жүргізушінің мас болғандығы және оның мүгедек екендігі айтылған.