Жол ережелерін тұрақты түрде бұзатын жүргізушілердің белгілі бір санаты полицияның бақылауында

0
214

Одан бөлек, статистика бойынша жол апатының 83%-ы елді мекендердің үлесінде.


Жол ережелерін тұрақты түрде бұзатын жүргізушілердің белгілі бір санаты полицияның бақылауында

ERNUR.KZ. Бұл ретте, жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау кезінде әкімдіктердің көңіл бөлуін талап етеді. Қала маңындағы жолдардағы жағдай да күрделі. Оларға ауыр апаттардың басым көпшілігі немесе адам шығынымен болатын барлық апаттың 61% тиесілі.

Соңғы жылдары заманауи магистральдар жабдықталуда. Бұл жол қауіпсіздігіне оң әсерін тигізуде. Мәселен, 15 жыл бұрын жолдарда 4 мыңнан астам адам қаза болса, қазір 2 есе азайды. Бұл жайлы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ брифингінде хабарлады.

Оның айтуынша, магистральдық жолдардың жекелеген учаскелерінде де адам шығыны біршамаға қысқарды.

«Бұл жұмысты жалғастыру керек. Көлік трафигі жоғары негізгі бағыттар бойынша елімізге 1-ші санаттағы жолдар қажет екенін бірнеше рет айтқан болатынбыз. Қазір 4 және одан да көп жолақтары бар жолдар небәрі 3%-құрайды. 6 мың шақырымнан астам жолды екінші және үшінші санаттан бірінші санатқа ауыстыру қажеттілігі бар. Автокөліктердің техникалық мүмкіндіктерін ескеретін болсақ, ені 7 метрден аспайтын ескі жолдар тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды және жүргізушіні бетпе-бет соқтығысудан қорғамайды», – деді спикер.

Жүргізушілерді даярлау сапасы сын көтермейді. Талдау көрсеткендей, жол апаттарының негізгі себебі әлі де көлік тәртібінің төмендігі болып табылады. Мен келтірген сандар да осыны дәлелдейді, мысалы, 10 млн астам жол ережесін бұзудың жолын кесу немесе 20 мыңнан астам мас жүргізушіні ұстау дегендей. Бұл жерде халықтың басым бөлігі заңға бағынатындар, бірақ «мас күйінде» көлік жүргізуге және жол ережелерін тұрақты түрде бұзуға жол беретін жүргізушілердің белгілі бір санаты полицияның бақылауында болады.

Бұл жағдайға автомектептерге қойылатын талаптардың төмендеуі және жүргізушілерді даярлау сапасы ықпал етті. Жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру мақсатында уәкілетті және мүдделі мемлекеттік органдармен шаралар қабылданды. Жүргізушілердің өз бетінше дайындалуы және онлайн оқуы алынып тасталды. Автомектептерді және үміткерлерді тіркеу Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесінде жүргізіледі, бұл үміткерлерге курсты аяқтау туралы куәліктерді мерзімінен бұрын беру және оларды қолдан жасау мүмкіндігін болдырмайды.

«Оқу курсын аяқтағаны туралы куәлікті электронды нұсқаға толық көшіру бойынша жұмыс атқарылуда, ол өз кезегінде жалған немесе оларды формальды түрде алуды болдырмайды. Сол сияқты жалған медициналық қорытындыларды болдырмау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі анықтамаларды электрондық форматқа ауыстырды. Жүргізушілерді даярлау сапасын арттырудың тиімді шараларының бірі автомектеп ашу қызметін рұқсат беру тәртібіне қайтару болып табылады. Автомектептер бұл ұсынысты қолдады, өйткені ол қызметтен күтілгендей өзін-өзі реттеу болған жоқ, бірақ барлық бағыттары бойынша сапасының төмендеуін байқадық», – деді Қ.Сұлтанбаев.

Жеке мәселе – заңсыз автотасымалдаушылар. Көлік министрлігімен бірлесіп, осындай тасымал түрін жүзеге асыру үшін өз бағдарламаларын ұсынатын компаниялармен меморандумдар жасалды. Меморандум аясында жүргізушілерге, еңбек және демалыс режимін сақтауына, медициналық тексеруден өтуіне, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне қойылатын талаптар күшейтілетін болады.

Интернет-агрегаторлар осы кезде қосымшаларының жұмысын пысықтап жатыр, ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап интернет-агрегатордың иелері жеке тасымалдаушы ретінде тіркелген жеке тұлғаларға ғана тапсырыстар беретін болады. Өз кезегінде жеке тасымалдаушылар күнделікті рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеруден өтуге, автокөлікті күнделікті техникалық байқаудан өткізуге, сол жақтан басқаратын техникалық жарамды автокөліктерді пайдалануға, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауға міндетті болады.

Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда интернет-агрегаторлардың иелері жеке тасымалдаушыға тапсырыс бермеуге міндетті болады.