Жұмысынан айырылған 126 мың адам әлеуметтік төлем алды

0
1 056

Жұмыстан босатылған жұмыскерлерге жоғалған кірістің 45%-ына дейін төленеді.


Жұмысынан айырылған 126 мың адам әлеуметтік төлем алды

ERNUR.KZ. Жұмысынан айырылған 126 мыңнан астам адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алды, деп жазады sputnik.kz.

Ал 111,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды.
"Жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем алады. Жоғалған кірістің 45%-ына дейін төленеді", - дейді министрлік.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге eGov.kz порталында тіркелу керек.
"Порталда "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдауы керек. Сосын онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет", - дейді министрлік хабарламасында.
Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады.
"Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі. Бұл қызметті онлайн режимінде Электронды еңбек биржасы enbek.kz арқылы да алуға болады", - дейді ведомство.
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі төлемді тағайындау бойынша мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.