"Журналиспін": Қазақстанның тутұғырына дәрет сындырған ер адам көпшіліктің ашуын тудырды (видео)

0
633

Куә болғандар оның дәрет сындарған жерін өзіне тазалатқызған.


ERNUR.KZ. Өзін журналистпін деп таныстырған ер азаматтың кім екені әзірге белгісіз, деп жазады Эксперсс К.

Қазақстан туының астына келіп, шаптырған ер адамның әрекеті көптің ашуын туғызды. Ыңғайсыз жағдайды куәгерлердің бірі телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге таратты.

Ашуға мінген бейнежазба авторы тутұғырдың астына қажетін өтеп, рәмізді қорлаған адамды жауапқа тартқысы келетінін айтып жатыр. Ал бейнежазбадағы ер адам өзінің бұл әрекетіне қымсынудың орнына, өзінің журналист екенін айтып, қызметтік куәлігін көрсетеді.


Бірақ кейіннен ол өзі бүлдірген жерді тазалайды. Тутұғырды дәретханаға айналдырған ер адамның әзірге кім екені белгісіз.