Құзырлы орган атап өткендей, келісімшарт бойынша жобаның жалпы құны 1 888 млн доллар.
ERNUR.KZ. Биыл «Астана LRT» жобасының құрылысына 52,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражаттың жартысына жуығы игерілді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Ағымдағы жылы жоба құрылысына 52,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта бөлінген қаражаттың 24,8 млрд теңгесі игерілді», - делінген елорда әкімдігінің жауабында.
Құзырлы орган атап өткендей, келісімшарт бойынша жобаның жалпы құны 1 888 млн доллар.
Соңғы 12 жыл ішінде бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы сұраққа әкімдік оның бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне сәйкес, LRT жобасын іске асыру жөніндегі іс-шараларға бағытталғанын хабарлады.
Бұған дейін LRT пойыздарының аялдамасы қай жерлерде орналасатынын жазып едік.
Сондай-ақ, LRT пойыздарын қандай зауыт құрастыратыны белгілі болды.