​7 дана ЛАВР жапырағы + 1 стақан СУ = денедегі ТЕРБӨРТПЕНІ кетіреді

0
13 034

Бұл ем 3-ақ күнде нәтиже береді.


​7 дана ЛАВР жапырағы + 1 стақан СУ = денедегі ТЕРБӨРТПЕНІ кетіреді

иллюстрациялық фото: independent.co.uk

Тербөртпе (ыстықтық) – жаз мезгілінде үлкенді де, кішіні де мазалайтын тері ауруы. Көбінесе ыстықтап терлегенде, дене қажетінше демала алмаған жағдайда пайда болады. Ол жұқпайды, бірақ қышымсып, ашиды. Мұны кетіру үшін үй жағдайында мына емдік бұлауды қабылдасаңыз болады.


Грек жаңғағынан бұлау

фото: thewikihow.com

20 гр. грек жаңғағының ұнтақталған жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып, отқа қоясыз. 15 минуттай баяу отта қайнату керек. Белгіленген уақыттан соң оттан алып, тұндырыңыз. Бөлме температурасында салқындаған кезде тұнбаны сүзіп алып, ваннаға құясыз. Үстіне қажетінше су толтырып, бұлау қабылдасаңыз болады.


Қайың жапырағынан бұлау

20 гр. кептірілген қайың жапырағын әбден үгітіп алыңыз. Оны 250 гр. қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, ваннадағы суға араластырыңыз. Немесе мақтаны малып алып, жараланған денеңізді сүртіп шығыңыз.


Шөптер жиынтығы

1-нұсқа

Итошаған (череда), қырмызыгүл (календула) және дәріханалық түймедақ (ромашка) шөптерінің әрқайсысынан 20 грамнан аласыз. Оларды жақсылап ұнтақтап араластырыңыз. Емдік қасиеті мол шөпті 250 гр. қайнаған суға салып, бетін жауып қойыңыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, ваннадағы суға араластырып бұлау қабылдаңыз. Бұл суға кішкентайларды да шомылдыруға болады.

2-нұсқа

1 шай қасықтан сүйелшөп (чистотел), долана (боярышник), тікенгүл (репешка) және жарты шай қасық қырықбуын (хвощ) шөбін ұнтақтап алып араластырыңыз. Шөптер қоспасын 2 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, жарқаттанған денеңізді жуасыз. Емді күніне 3-6 рет қайталауға болады.


Емен қабығынан бұлау

20 гр. үгілген емен қабығын 250 гр. қайнаған суға салып, араластырыңыз. Тұнба салқындаған кезде сүзіп алып, бұлау жасайсыз.


Лавр жапырағынан бұлау

фото: dialinediabet.ru

7 дана лавр жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырыңыз. Шамамен 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, жараланған денеңізді сүртесіз.

Ескерту! Бұл тұнбаны балаларға қолдануға болмайды. Аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.


Лаванда майы

2-3 тамшы лаванда майын 50 гр. сүтпен араластырасыз. Оған 150 гр. қайнаған су құйып, ваннадағы суға қосып, бұлау қабылдаңыз. Бұл емдік бұлау кішкентайларға да, үлкендерге де қауіпсіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚАРБЫЗДЫҢ емдік ҚАСИЕТІН білесіз бе?


ШӨЛДЕП тұрғанда СУ ішуге БОЛМАЙТЫНЫН білесіз бе?