Ағзадағы артық ​ХОЛЕСТЕРИНДІ кәдімгі АСКӨК айдап шығады

0
6 915

Холестеринді дәрісіз-ақ қалпына келтіре аласыз.


Ағзадағы артық ​ХОЛЕСТЕРИНДІ кәдімгі АСКӨК айдап шығады

фото: tony.ru

Холестерин – біздің ағзамызға қажет май. Оның көбеюі қауіп тудырса, азаюы да жақсы нышан емес. Ал егер белгілі мөлшерде болса ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне зор септігін тигізеді. Мамандар холестериннің қалыпты көрсеткіші – 2,59 – 3,34 ммоль/л дегенді айтады. Оның деңгейін анықтау үшін қанға биохимиялық талдау жасалады. Қанды ашқарынға тапсыру керектігі бәріңізге де таныс.


Көп мөлшердегі холестерин:

  • Атеросклероз;

  • Миокард инфаркті;

  • Стенокардия;

  • Инсульт секілді жүрек ауруларының асқынуына алып келеді.


Мұның алдын алу үшін дәрі ішпей-ақ холестеринді қалпына келтіруге болады. Ол үшін мына 8 өсімдіктің көмегімен емделіңіз.


ДОЛАНА ТҰНБАСЫ

1 ас қасық долана (боярышник) гүлін немесе 2 ас қасық ұнтақталған долана жидегін 1,5 стақан қайнаған суға салып тұндырасыз. Шамамен 20-25 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 3-ке бөліп ішесіз. Емді күніне 3 рет тамақтанудан 30 минут бұрын қабылдау керек.


ҚАРАҚАТ ТҰНБАСЫ

  • 2 ас қасық қара қарақат жидегін 1 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 15-20 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан күніне 2 рет ішесіз.
  • Ал жапырағынан дайындалған шайдың да емдік қасиеті орасан. Ол үшін 2-3 ас қасық ұнтақталған жапырақты 2 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қойыңыз. Бөлме температурасында салқындаған кезде тұнбаны сүзіп алып, 1/2 стақаннан бөліп ішесіз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.

фото: zen.yandex.tm

ТҮЙЕЖОҢЫШҚА ТҰНБАСЫ

2 шай қасық түйежоңышқа (донник) шөбін 1,5 стақан суға салып, тұндырасыз. Дайын болған емдік суды тамақтанудан 20-30 минут бұрын қабылдау керек. Емді күніне 3 рет жүргізесіз.


АТҚҰЛАҚ ТҰНБАСЫ

1 ас қасық ұнтақталған атқұлақ (щавель конский) тамырын 1 стақан қайнаған суға саласыз. Шамамен 15-20 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3-5 рет қабылдайсыз.

Ескеріңіз! Атқұлақты бүйрегінде тасы барларға қолдануға болмайды.


ШЕТЕН ТҰНБАСЫ

1 ас қасық кептірілген шетен (рябина) ұнтағын 1,5 стақан суға салып, бетін жауып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 3-ке бөліп ішке қабылдайсыз.


АСКӨК ТҰНБАСЫ

1 ас қасық аскөк шөбін немесе дәнін 1,5 стақан қайнаған суға салып, тұндырасыз. Шамамен 20-25 минуттан соң сүзіп алып, ішесіз.

фото:parazitoved.ru

СҰЛЫ ҚАЙНАТПАСЫ

Сұлы – холестерин деңгейін төмендететін қасиетке ие. Егер мына мәзірді үзбей қабылдап тұрсаңыз, сіз жүрек ауруының алдын аласыз.

Мәзірді дайындау үшін: тазалап жуылған 200 гр. сұлыны эмаль ыдыстағы 1 литр суға салып отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетіп, 45-60 минуттай бұқтырыңыз. Осы уақыт өткен соң артық суын сырғытып төгесіз. Бұл емдік қасиеті мол әрі ағзаға аса пайдалы қайнатпаны 1/3 стақаннан тәулігіне 2-3 рет қабылдайсыз. Емді тамақтан 30 минут бұрын жүргізу керек.

Ескеріңіз! Қайнатпаны тоңазытқышта сақтау керектігін ұмытпаңыз.


ЖӨКЕ ТҰНБАСЫ

2 ас қасық кептірілген жөке (липа) гүлін 500 мл қайнаған суға саласыз. 20 минуттай тұндыру керек. Белгіленген уақыттан соң емдік шайды сүзіп алып, 150-200 мл-ден күніне 2-3 рет ішесіз. Емді тамақтан бұрын жүргізу керек.

Осылайша 1 ай үзбей ішесіз де, 14 күн демаласыз. Кейіннен тағы да осы тәсілмен дайындап 1 ай бойы ем қабылдайсыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Материал түрлі дереккөздерінен алынды.

Аударған: Л.АХМЕТОВА,

Тағы оқыңыз:


САРЫМСАҚ пен СҮТ вирусты БІР-АҚ күнде ЖОЯДЫ